«Қазақ операсының Сәйгүлігі» атты ән кеші

   17 ақпан күні Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы қазақтың әйгілі әншісі, қазақ опера өнерінің негізін салушылардың бірі, қоғам қайраткері,  КСРО  халық  артисі,   КСРО Мемлекеттік   сыйлығының  лауреаты  Күләш  Бәйсейітованың  туғанына  110 жыл  толуына арналған «Қазақ операсының Сәйгүлігі» атты ән кешін ұйымдастырды.

   Шараның мақсаты - ХХ ғасырда өркендеген қазақ ұлттық өнері мен мәдениетінің төрінен ойып тұрып орын алатын халқымыздың талантты да аяулы қызы, аты аңызға айналған опера өнерінің негізін салушылардың бірі Күләш Бәйсейітованың өмірі мен шығармашылығын өнер сүйер қауымға жақын таныстыру.

   Ән кешіне Қазанғап атындағы жоғары музыкалық колледждің студенттері қатысып, шара қонақтарына әншінің  репертуарындағы шығармаларды  жанды дауыста орындады.




 
17 ақпан 2022 ж. 16:47
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз: