«Жақсылық жаса балаға» атты қайырымдылық акция

   18 ақпан күні  «Парасат жолы» жобасы аясында әлеуметтік қорғаусыз балалардың қоғамда бейімделуіне және   мейірімділік, ізгілік, жанашырлық,  қуаныш сыйлау мақсатында «Жақсылық жаса балаға» атты  қайырымдылық  акциясы    ұйымдастырылды.

   Шараға қаламыздағы №2 облыстық балалар  оңалту орталығының, №5көру қабілеті бұзылған балалардың  арнайы (түзету)  мектеп-интернатының, №7 Арнайы түзету мектеп-интернатының және үйден  әлеуметтік қызмет көрсету бөлімінің  тәрбиеленушілері қатысты.

   Шара барысында   К. Қаракөзов атындағы  №235 орта мектебінің, №12 ІТ-мектеп-лицейдің, Тәкей Есетов атындағы мектеп-лицейдің оқушылары   ән мен жырдан шашу шашып, ертегілерден  қойылымдар  қойды. Мерекелік шара соңында балаларға арнайы дайындалған тәттілер үлестірілді.




 
18 ақпан 2022 ж. 10:57
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз: