«Өрелі өнеге, рухани үлгі» атты кітап көрмесі21 ақпан күні Қазақстан Жазушылар және Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Халықаралық «Алаш», Қабдол Сланов атындағы сыйлықтардың лауреаты, Арал, Қазалы аудандарының құрметті азаматы, «Құрмет» ордені, ТМД елдерінің «За заслуги в культуре и искусстве», «Қазақстан Тәуелсіздігіне 30 жыл» мерейлік медальдарының, Алматы қаласы әкімшілігінің «Еңбегі үшін» төс белгісінің, денсаулық сақтау ісінің үздігі, Қазақстан жазушылар Одағы мен Атырау обылысы әкімдігінің «Ғабдол Сланов» медалінің иегері, жазушы Молдахмет Қаназдың 80 жылдық мерейтойына арналған «Өрелі өнеге, рухани үлгі» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Кітап көрмесі екі бөліменен тұрады: «Қайрат пен еңбек қаламгері» «Тарихтан тағылым тартқан». Кітап көрмесі барысында жазушының ауыл адамдарының тыныс-тіршілігі мен адамгершілік мәселелері туралы жазылған «Сонар», «Арна», «Ақ-тайлағым-ай», «Құм ойнау», «Армандай алыс жағалау», «Жаңбырлы жал», балаларға арналған республикалық жабық бәйгеде жүлде алған үздік шығармасы «Чика – Дабылдың баласы» повесі таныстырылды. Халық батыры Жанқожа Нұрмұхаммедұлының өнегелі өмірі мен өшпес ерлігіне арналған «Жанқожа» атты үш актілі тарихи драмасы мен «Ел қорғаны – Ер Жәкем» атты іргелі еңбегіне қысқаша шолу жасалынды. Молдахмет Қаназдың шығармашылығына арналған кітап көрмесіне М.Ықсанов атындағы Қызылорда политехникалық колледжі студенттері мен оқытушылары қатысты. |