«Ақмешіт жастары» Сыр жастары авторларының кітаптарын талдау

   22 ақпан күні Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы «Кітап құрттары» ерікті жастар ұйымымен бірлесе отырып, «Ақмешіт жастары» тақырыбында Сыр бойы жас авторлардың шығармаларына  кітап талдау ұйымдастырды.

   Шараға «Кітап құрттары» ерікті жастар ұйымының  жаңадан келген көшбасшысы Дос Әділхан мен кітап оқуға құштар жастар қатысты. Бүгінгі шараның басты мақсаты – Сыр өңірінен шыққан жас авторлардың шығармаларын талдау болатын. Шара барысында поэзия жауқазыны Қабылша Толқынның өмірі мен қызмет жолынан мәліметтер беріліп, «Жаныммен жалғыз кешкен мұң», «Жаңбырдағы сағыныш», Гүлжауһар Әбдірахманованың «Ой жанары», Ержан Қожастың «Мен ауылдың ұлымын», Биболат Сәтжанның «Жол қараған», Динара Мәлікованың «Жүрегімдегі періштем» кітаптарына талдау жасалынды. Сонымен қатар басқа да жас ақын-жазушылардың авторлық кітаптарымен таныстырылды.

 «Кітап құрттары» ерікті жастар ұйымының мүшелері өз пікірлерінде жас ұрпақтың бойында жақсы қасиеттерді қалыптастыруда кітаптың маңыздылығын атап көрсетті. Кітап талдау барысында кітапты насихаттаудың өзекті мәселелері талқыланып, жас ұрпақты кітап және оқулық арқылы тәрбиелеу мәселелері сөз болды.

   Шара соңында «Жүректегі жауһарлар» атты Сыр  жастары авторларына арналған  кітап көрмесі ұйымдастырылды.




 
22 ақпан 2022 ж. 19:50
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз: