«Бір жұлдыз болып жанам мен...» атты кітап көрмесі

   Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы   жазушы, ақын Зейнолла  Шүкіровтің  туғанына 95 жыл толуына орай   «Бір жұлдыз болып жанам мен...» атты кітап көрмесін ұйымдастырды.    Көрменің мақсаты - қазақ әдебиет әлемінде даралана танылып, өзіндік қолтаңбасын қалдырған қайсар қаламгердің шығармашылығын насихаттау. Көрмеге бала кезінен шығармашылыққа жақын өскен автордың алғашқы жинағы «Менің достарым», одан кейін адамгершілікті, адал махаббат пен шынайы сезімді суреттейтін «Теңіз жырлары», «Арал дәптері», «Сағыныш» атты өлең кітаптары, сондай-ақ, Арал балықшыларының ауыр тіршілігін, өмірін бейнелейтін «Тоғысқан тағдырлар», бүгінгі замандастар келбетін ашатын «Сырлы дүние хикаялары», «Ізгілік іздері», «Қиын түйін» повестері мен «Отты өткелдер» романы, «Сыр бойы» атты ел тарихын толғаған әңгімесі және мерзімді басылымдар беттерінде жарияланған  мақалалар  оқырмандар назарына ұсынылды.




 
23 ақпан 2022 ж. 12:50
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз: