«Мұхтар Әуезов – қазақ әдебиетінің тарланы» атты кітап көрмесі

     5 наурыз күні қазақтың дара жазушысы қоғам қайраткері, ғұлама ғалым, Қазақстан ғылым академиясының  академигі Мұхтар Омарханұлы Әуезовтің 125 жылдық мерейтойына орай, «Мұхтар Әуезов – қазақ әдебиетінің тарланы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

    Кітап көрмесінің мақсаты – өскелең ұрпаққа жазушының өмір жолы мен шығармаларын таныстыру.

    Көрмеге жазушының қазақ халқының оның ұлттық дәстүрін барлық қырынан энциклопедиялық деңгейде жан-жақты ашып көрсеткен туындылары мен қатар, әлемге әйгілі болған, кезінде жазушы Луи Арагон: «ХХ ғасырдағы ең үздік шығармалардың бірі» - деп баға берген бірнеше тілде жарық көрген «Абай жолы» роман-эпопеясы және мерзімді басылымдарда жарияланған құнды дерек көздері қойылды. Кітап көрмесіне кітапхананың тұрақты оқырмандары қатысты.


 
 
 
05 наурыз 2022 ж. 12:16
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз: