«Қазақ батыры Қаракерей Қабанбай» атты Қабанбай батырдың 330 жылдық мерейтойына арналған танымдық кеш

   10 наурыз күні Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында «Қазақ батыры Қаракерей Қабанбай» атты Қабанбай батырдың 330 жылдық мерейтойына арналған танымдық кеш ұйымдастырылды.

   Мақсаты – қазақ батыры Қаракерей Қабанбайдың өмірі, саяси қызметі, ерлік істері туралы мәлімет беру, тарихи тұлғаның ерлігі жайында кеңінен насихаттап, ерлікке, отансүйгіштікке тәрбиелеу, қазақ батырларының ерлігін үлгі етуге, құрметтеуге үйрету.

   Кешке №140 Абылай хан  атындағы мектептің 10 сынып оқушылары мен  М.Мәметова атындағы Қызылорда гуманитарлық  жоғары колледжінің т арих пәнінің оқытушысы Ш.Керейбаева қатысты. Кеш барысында отанды қорғау жолындағы аянбай тер төккен қазақ батыры Қаракерей Қабанбайдың өмірі мен ерліктері жайында тарихи деректер, видео материалдар оқырман назарына ұсынылды. Кеш соңында қатысушылар «Батырдың рухы өшпейді» атты кітап көрмесімен танысты.


 
 
 
10 наурыз 2022 ж. 13:21
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз: