«Менің оқыған кітабым» кітап талдау11 наурыз күні кітапханада «Жылдық үздік оқырманы» жобасы аясында «Менің оқыған кітабым» атты шарада оқырмандардың сүйіп оқыған бірнеше кітабына талдау өтікізілді. Шараның мақсаты: Балалардың көркем әдебиетке деген қызығушылықтарын арттыру және оқу мәдениетін қалыптастыру. Шараға М.Шоқай атындағы №187 ІТ - мектеп-лицейінің, Жамбыл атындағы №120 орта мектебінің, №212 мектеп – гимназиясының, Т.Есетов атындағы №264 мектеп – лицейінің оқушылары қатысты. Шарада қатысушылар өздерінің оқыған әлем және қазақ халықтарының озық шығармаларына тоқталып, алған әсерлері жайлы бөлісті. |