«Құдіретті өлең әлемінде» атты кездесу кеші

    11 наурыз күні Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының ұйымдастыруымен «ЕЛГЕ СӘЛЕМ» жобасы аясында Жалағаш аудандық орталық кітапханасында «Құдіретті өлең әлемінде» атты кездесу кеші өткізілді.

  Шараның мақсаты Сыр өңірі ақын-жазушыларының шығармаларын насихаттау арқылы туған жерге деген сағыныштарын басып, туған топыраққа табан тіретіп, қаламгерлер мен оқырмандар арасын етене байланыстыратын жыр сүйер әдеби ортаны қалыптастыру.

   Кештің құрметті қонақтары ретінде Қазақстан Жазушылар және Журналистер Одағының мүшесі, ақын Ғазиза Әбілда, педагогика ғылымдарының магистрі, Мәдениет саласының үздігі, дәстүрлі ән-терме классының оқытушысы, ақын  Айдос Рахметов, Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі,  балалар ақыны Қуат Ахетов қатысты.


 
 
 
11 наурыз 2022 ж. 10:53
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз: