«Асқар таудай тұлғалы ақын» атты кітап көрмесі

   Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы  А.Тоқмағамбетов атындағы мәдениет үйінде ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі    Махмұтбай   Әміреұлының   80 жылдық мерейтойына арналған «Асқар таудай тұлғалы ақын» атты кітап көрмесін ұйымдастырды. 

   Көрменің мақсаты - оқырмандарға көрнекті қаламгер, ақын М.Әміреұлының өмірі мен шығармашылығын насихаттау, кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру. Көрмеге кітапхана қорында жинақталған 90-ға жуық әдебиетер мен мерзімді басылымдар бетінде жарияланған фото-материалдар қойылды. Онда Махмұтбай Әміреұлының өмір жолы, еңбекке араласқан жылдары, қоғамдық қызметі қамтылған. Атап айтсақ:  «Жүзім бағы», «Қызыл жыңғыл», «Ақ сауле»,  «Сыр әндері», «Сыр жырлары», «Жылдар, жырлар», «Сыр әндері», «Сырдария-Жырдария», «Сыр мектебі», «Ақ тілек», «Жеті белес», «Сегізінші белес», «Махаббат жырлары»   секілді еңбектері қойылған.


 
 
 
11 наурыз 2022 ж. 11:43
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз: