Ақындық оның тағдыры..Ақын,журналист, Ә.Рахымбекұлының туғанына 80 жыл. Еске алу кешіСыр өңірі өнер мен мәдениеттің небір ғажайып туындыларын дүниеге әкелген тума таланттарға кенде болмаған, солардың бірі де бірегейі ақын, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, Қазақстанның құрметті журналисі Әскербек Рахымбекұлының шығармаларын өскелең ұрпаққа насихаттау мақсатында – 15 наурыз күні «Ақындық оның тағдыры..» атты шара ұйымдастырылды. Шараға сырдың сыршыл ақыны, сазгер, ҚР білім беру ісінің үздігі Ділдахан Торғаева, ҚР Құрметті журналисі, жазушы Несібелі Рахмет, Әскербек Рахымбекұлының жұбайы Күлмараш Ерниязова қатысып, ақынның өмір жолы мен шығармашылығы жайлы кеңінен әңгіме қозғады. Ақынның шығармашылығына арнап кітап көрмесі ұйымдастырылды. Шара барысында №140 орта мектептің оқушылары ақынның өлеңдерін жатқа оқып берді. |