Ғ. Мүсіреповтің «Ұлпан» романы бойынша оқырмандар конференциясы

    15 наурыз күні Қазақстанның халық жазушысы, мемлекет және қоғам қайраткері Ғ.Мүсіреповтің  туғанына 120 жыл толуына арналған «Ұлпан» романы бойынша оқырмандар конференциясы ұйымдастырылды.

   Шараның мақсаты - қазақ әдебиеті тарихындағы әйелдер бейнесінің эталонына айналған аналардың анасы бола білген, ел билеген көсем, сөз бастаған шешен, қоғам қайраткері Ұлпан ана бойындағы қазақи қасиеттерді жастарға үлгі ету.

    Шара барысында оқырмандар кітапты талдай отырып, өз пікірлерімен бөлісті. Шараға  С.Толыбеков атындағы №3 IT мектеп-лицейінің оқытушысы Уксикбаева Эльмира Ғабитқызы  және Қорқыт Ата атындағы  Қызылорда университетінің «Book  clab», «Жауқазын» театрлық ұйымының мүшелері қатысты. Шара аясында «Көркем сөздің шебері» атты кітап көрмесі оқырмандар назарына ұсынылды.


 
 
 
 
15 наурыз 2022 ж. 13:22
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз: