«Жастықтың жалынды жырлары» атты кездесу кеші

   17 наурыз  күні кітапханада  «2022 жыл-Балалар жылы»  аясында балалар ақыны   Қуат Ахетовтың   шығармашылығына арналған «Жастықтың жалынды жырлары» атты кездесу  кеші өткізілді. Шараның мақсаты  жас өспірім балалардың жүрегінде  поэзияға деген құмарлықты ояту.  

   Шараға Қазақстан жазушылар одағының мүшелері: жазушы Е. Әуезов,  жыршы Б.Саймағанбетов, жас ақын Е. Әбдиев,  «Тұрмағанбет»  өнер мектебінің   және «Қарақат» мектеп –студиясының шәкіртері, Абылай хан атындағы  № 140қазақ орта мектебінің, І.Қабылов атындағы № 12 IТ мектеп – лицейдің, Б. Шалғынбаев атындағы  №217  орта мектебінің оқушылары  қатысты.

   Оқушылар ақынның адамгершілік туралы мағыналы  өлеңдерін жатқа оқып, шараның соңын ән-биге жалғастырды. Шара барысында «Балғындарға жыр сыйлаған» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, ақынның өмір жолы мен шығармашылығына арналған слайд көрсетілді.




 
17 наурыз 2022 ж. 18:06
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз: