«Наурыз - береке, наурыз - мереке» атты мерекелік кеш

   18 наурыз күні Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында Наурыз мерекесіне арналған «Наурыз – береке, наурыз - мереке» атты мерекелік  кеш ұйымдастырылды. Шараның мақсаты – жастарға шығыс халықтарына ортақ мереке – наурыздың маңыздылығын түсіндіру, ұлттық  салт-дәстүрлерді  құрметтеуге үйрету.

Кеш барысында қаламыздағы орта арнаулы және жоғары оқу орындарының студенттері мерекелік әндер мен түрлі ұлт билерін орындады.

   Бес мың жылдан астам уақыт бойы тойланып келе жатқан «көктемгі жаңару» мерекесінің шығу тарихы, әлем елдерінде қалай тойланатыны жайлы және мереке кезіндегі салт-дәстүрлер жайында мәліметтер берілді.    





 
18 наурыз 2022 ж. 18:32
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз: