«Ұлыстың ұлы күні» атты кітап көрмесі

    Наурыз мейрамының қарсаңында Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында «Ұлыстың ұлы күні» атты кітап көрмесі дайындалды. Көрменің мақсаты – көпшілікке наурыздың шығу тарихын, халқымыздың ежелден желісі үзілмей жеткен салт-дәстүрлерін, ұлттық ойындарын жақын таныстыру,  ұлттар мен ұлыстардың достастығы мен бірлігін көрсету, қазақ халқының мәдениетімен таныстырып, құрметтеуге үйрету.

  Кітап көрмесі атаулы мерекенің шығу тарихын, маңыздылығын көрсететін әдебиеттерден басталады. Оқырман назарына көктемгі көрісуден бастау алған амал мерекесі, ұлтымыздың  салт-дәстүрлері туралы, ақ бата кітаптары, сонымен қатар халқымыздың ежелден келе жатқан ұлттық дәстүрлері, қолөнері мен киім кию әдебіндегі ерекшеліктер, наурыз көже дайындау әдістері  туралы әдебиеттер ұсынылған. Көрменің соңғы бөлімінде әлем халықтарының наурыз мерекесін тойлау ерекшеліктері жайында мәліметтер қойылды.

    Көрмеге жалпы саны  45 кітап, 20 мерзімді басылым беттері қойылды.




 
18 наурыз 2022 ж. 10:31
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз: