«Жаңа әдебиеттер» атты кітап көрмесі

    2022  жылдың 25 - ші наурыз  күні Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында «Жаңа әдебиеттер» кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрменің мақсаты: жаңа кітаптарды насихаттау, оқырмандарды кітап оқуға шақыру.

    Көрмеге Сұлтан Хан Аққұлының қазақ, ағылшын, орыс тілдерінде жарық көрген  «Дінмұхамед Қонаевтың: Әлихан Бөкейхан - Алты алаштың пірі, рухани көсемі ...» зерттеулері мен мақалалары кітабы, Бейбіт Қойшыбаевтың «Өмір-күрес» атты тарихи, миниатюралар жинағы, Мұратбек Орынбекұлының XX ғасыр басында азаттық үшін күрескен ұлт зиялыларының өмірі мен шығармашылық қызметі туралы танымдық мақалалар топтастырылған «Шәкәрім айтқан, қазақ оқығандары» жинағы, Самет Оқанның «Исламдағы келісім - қоғам тұтастығы» еңбегі, Бақытжан Кененұлының «Адам болу оңай ма?.. ғұмырнамалық роман - эссесі, Рысбек Қыдырбектің «Қазақтың 90 бапкері» кітабы  Дәулеткерей Кәпұлының  «Айтыстар жинағы», Досхан Жылқыбайдың «18:47» (әңгімелер мен эссе-очерктер жинағы), Дана Орманбаеваның бала тәрбиесі туралы «Дана мен бала», тағы басқа 100 –ден аса жаңа кітаптар қойылды.



 
25 наурыз 2022 ж. 11:05
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз: