«Ат басындай алтын» дауыстап оқу5 сәуір күні кітапханада «Әжемнін ертегілері» жобасы аясында бүлдіршіндердің танымдық қабілетін арттыру, қиялын дамыту, адамгершілікке, шындыққа тәрбиелеу мақсатында қазақ халқының «Ат басындай алтын» ертегісін дауыстап оқу ұйымдастырылды. Шарада ертекші әжеміз «Сыр еркесі» балабақша бүлдіршіндеріне арнап халқымыздың асыл мұрасы - ауыз әдебиеті ертегісін дауыстап оқу арқылы, бүлдіршіндердің ұшқыр ойын, сөздік қорын шыңдауға және кітап оқуға деген қызығушылықтарын арттыруға, сана – сезім, ақыл-ой қызметінің ерте дамуына әсерін тигізді. |