«Түркі әлемінің бесігі – Түркістан» атты кітап көрмесі7 сәуір күні Отан тарихы мен мәдени құндылықтарды құрметтей білу мақсатында «Түркі әлемінің бесігі – Түркістан» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Кітап көрмесі барысында Орта Азия мен Тұран даласындағы ең көне қала, қазақ хандығының астанасы болған – Түркістан қаласы жөнінде оқырмандар назарына тарихи деректер мен аңыздар ұсынылды. Және де Түркістан қаласы жайындағы мәдени, тарихи құнды еңбетерге арналған әдеби кітаптар, оқулықтар мен баспасөз материалдары қойылды. Атап айтқанда: К.Байпақовтың «Қазақстанның ежелгі қалалары», Түркістан қаласының арғы тарихын әңгімелейтін Ж.Әлмашұлының «Қызыр қонған Түркістан», Түрік әлемінің азаттығы үшін күрескен М.Шоқайдың «Түркістан үшін», О. Зәріпбайдың «Ұлы даланың ұлы тарихы», М.Мырзахметұлының «Жер тарихы – ел тарихы» атты кітаптары оқырмандар назарына ұсынылды. Кітап көрмесіне кітапхананың тұрақты оқырмандары қатысты. |