«Қазіргі заман батырлары»21 сәуір күні бейбіт замандағы батырларды таныстыру және олардың ерлігін қастерлеп, жас буынға насихаттау мақсатында азаматтарды қауіп-қатерден, қайғылы оқиғалардан қорғап жүрген, мыңдаған адам өміріне араша түскен маман иелеріне арналған «Қазіргі заман батырлары» атты кездесу кеші ұйымдастырылды. Кешке Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар Департаменті «Өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметінің аға өртсөндірушісі, құтқарушы, азаматтық қорғау сержанты, «Ерлігі үшін» медальінің иегері Ербол Бектілеуов Сәндібекұлы және ҚР. Тұңғыш президентінің Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың өз қолымен “Ерлігі үшін”, ІІМ «Жауынгер ерлігі» медальдарымен мараптталған полиция капитаны Сатенов Бектұр Амангелдіұлы қатысты. Шара барысында қауіп-қатер келген қас-қағым сәтте әрбір адамның бойында болатын қорқынышты жеңіп, жанкешті әрекеттерге барған талай ержүрек азаматтар туралы айтылды. Құтқарушы, азаматтық қорғау сержанты Е.Бектілеуов өз сөзінде: «қазіргі заман батырларының ерлігін қастерлеп, оларды жас буынға насихаттау – қоғамның рухани жандануына серпіліс беруде аса маңызды роль атқарады» – десе, полиция капитаны Ә.Беркінбеков: «дәстүрлі рухани құндылықтарды сақтай отырып, батыр бабаларымыз бен ержүрек қандастарымызды үлгі етіп, өшпес ерлікті дәріптеу парызымыз» – деп атап көрсетті. |