7- мамыр – Отан қорғаушылар күні

   5 мамыр күні облыстық кітапханада Отан қорғаушылар күніне арналған «Ұлы дала ұландары» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

    Көрмеге қойылған кітаптармен таныстыру арқылы кітапхананың мақсаты жастардың бойына елжандылық, отансүйгіштік қасиеттерін сіңіру. Бейбіт күннің қадірін ұқтыру. Тәуелсіздіктің қасиетін жастарға дәріптеу болды. Сонымен қатар кітапханадағы тарихи, әскери әдебиеттерге кеңінен шолу жасалып, насихатталды. Оқырмандарды кітап көрмесімен таныстыру барысында  ел тарихындағы баға жетпес із қалдырған ержүрек батырлардың өмір жолы мен күрескерлігін жаңа, тың қырынан тани алатын А.Тасболатовтың «Қазақтың хас батырлары» атты ғылыми танымдық энциклопедиясы және Қ.Аманжоловтың «Қазақстанның Әскери тарихы» Қ.Сәкидің «Ер қаруы бес қару» сынды кітаптарына және  екінші дүниежүзілік соғыстың даңқты жауынгері, әскери қолбасшы Бауыржан Момышұлының жастарға әлі күнге дейін бағыт-бағдар беріп отырған ерлік туралы қанатты сөздері мен «Майдан жыры мен сыры», «Қолбасшы күнделігі» кітаптарына шолу жасалды.




 
05 мамыр 2022 ж. 18:15
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз: