«Дін ғұламасы-Қалжан ахун» атты кітап көрмесі

    19 мамыр күні облыстық  кітапханада діни  қайраткер  Қалжан ахун Бөлекбайұлына арналған «Дін ғұламасы-Қалжан ахун» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Мақсаты - оқырмандарға Қалжан ахунның қазақ даласындағы ағартушылық және білім мен ғылым ісінде ерен еңбегімен таныстырып, имандылыққа тәрбиелеу.

   Қалжан Бөлекбай баласы негізгі оқуы шариғат және заң саласын толығымен тәмамдап, оларға қоса философия, астрономия, математика, биология ғылымдарын тауыса оқып, шаруашылық басқару ісін игеріп шығады. Араб, парсы, шағатай тілдерін еркін меңгерген Қалжан атамыз сол медреседен «Ахун» атағын иемденеді.

   Кітап көрмесіне Қалжаг Ахунның немересі Шамсия Қалжанованың «Қалжан ахун» кітабы, Қалжан ахун мешіті туралы  «Сыр бойының сокралды ескерткіштері», қазақ ру тайпаларының тарихы сериясынан «Табын»  рувытомдары қойылды.



 
19 мамыр 2022 ж. 11:08
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз: