Әшім Әріпбайұлының әл –Сурати «Хисас-ул әнбия» (рухани мұра) атты кітабының таныстырылымы

  24 мамыр күні облыстық кітапханада филология ғылымдарының кандидаты, доцент Тасболат Медетбаев Сиезбайұлының аудармасындағы  Әшім Әріпбайұлының  әл –Сурати «Хисас-ул әнбия» (рухани мұра) атты    кітабының таныстырылымы болып өтті. Іс-шараның мақсаты: оқырмандарға  дін  туралы мәлімет беру, қоғамды тәрбиелеуде хақ діннің дұрыстығына сеніп, жат ағымдардан сақ болуға және отанын сүюге тәрбиелеу. Шараға қатысқандар -   Сыр дидары газетінің бас редакторы  Алдашбаев Сәкен Мінуарұлы, Ақмешіт мешітінің наиб имамы  Отызбаев Қайырбек Тоқтықбайұлы, Дін мәселелерін зерттеу орталығының бөлім меңгерушісі Дәрібаев Жеңісбек және «Ұлағат» колледжінің студенттері. Қонақтар аталған еңбектің рухани маңыздылығына тоқталып, өз ойларын ортаға салды.





 
24 мамыр 2022 ж. 17:48
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз: