«Көне әдебиеттің тамыршысы»

       26 мамыр күні кітапханада  қазақтың көрнекті ғалымы, филология ғылымдарының докторы профессор   Алма Құраубаеваның 75 жылыдығына  арналған «Көне әдебиеттің тамыршысы» атты көрме ұйымдастырылды.  Көрменің мақсаты - оқырмандарды өлкемізге белгілі шығармашылық адамының өмірі мен еңбегін насихаттау. 

      А.Қыраубаева ұзақ жылдар  қазақ әдебиетінің ежелгі дәуір мен қазақ әдебиетіндегі шығыс поэзиясының ықпалы туралы  мәселелері бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізді. Ұстаз- ғалымының қазақ әдебиетінің ежелгі дәуірін зерделеудегі еңбектері  әдебиетті дәуірлеу кезеңдеріне қатысты тұжырымдарда үлкен маңызға ие болды. Алма Қыраубаева  қазақтың ән өнерін насихаттап, зертеуде де үлкен үлес қосты. Жыр алыбы Жамбылдың ұмытылған ән-термелерін жинақтап, өз орындауында Қазақ радиосының Алтын қорына жаздырып, «Жамбыл  әуендері» жинағын құрастырды.

       Көрмеге «Қисса жанырының өзіндік ерекшеліктері», «Ежелгі дәуір әдебиеті», «Жаным садаға», «Шығыстық қисса-дастандар», «Ежелгі әдебиет», «Ғасырлар мұрасы», «Бес томдық шығармалар жинағы» «Сыр елі энциклопедиясы», «Қазақ әдебиетінің энциклопедиясы», Абдолла Дәулетұлының «Нұры жол», Файзолла Оразаевтың «Қазақ әдебиетін зерттеушілер»  және т.б  кітаптарымен мерзімді басылымдар   қойылды.






 
26 мамыр 2022 ж. 18:29
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз: