«Қалам ұшындағы нұр» атты еске алу кеші

    Облыстық кітапханада 16 маусым күні Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының лауреаты Базарбай Исаевтың шығармашылығына арналған  «Қалам ұшындағы нұр» атты еске алу кеші ұйымдастырылды.

   Кештің мақсаты: Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері, жергілікті жазушы Базарбай Исаевты оқырмандарға танытып, шығармаларын насихаттау.

    Шараға қаламгердің жары, ұстаз Искакова Кулан Байшаханқызы, ақын, жазушы Қазақстан жазушылар Одағының Қызылорда облыстық  филиалының төрайымы Есімсейітова Қаршыға Құрмашқызы, М.Мәметова атындағы жоғары педагогикалық колледж студенттері қатысты. Қаламгердің жары К.Искакова кітапхана қорына жазушының 270 дана кітабын сыйға тартты.

     Шарада «Қалам ұшындағы нұр» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.


16 маусым 2022 ж. 13:08
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз: