«Ақиқат алдаспандары» атты кітап көрмесі

   28 маусым күні Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы 28 маусым – Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күніне орай А.Тоқмағамбетов атындағы мәдениет үйінде «Ақиқат алдаспандары» тақырыбында көшпелі кітап көрмесі ұйымдастырылды.

    Кітап көрмесі 3 бөлімнен тұрады: «Журналистика тарихы», «Журналист шеберлігі», «Сыр журналистикасы».

   Көрмеге 1899-1902 жылдар аралығында Омбы қаласында қазақ және орыс тілінде жарияланған «Дала уалаяты», 1913 жылдан бастап 1918 жылға дейін шығып тұрған апталық газеттің бүкіл болмысы толыққанды ашылған «Қазақ газеті», сирек кітаптар қорынан «Қазақ» газетінің шағатай тіліндегі (СД) компакдискідегі көшірмесі (1913-1917 жж.), Н.Омашевтің «1920-жылдардағы кеңестік журналистика», «Қазақ баспагерлері мен полиграфистері», Қазақстанның білімі мен мәдениетін, әдебиеті мен өнерін өркендетуге ерекше еңбек сіңірген журналист Т.Жүргеновтің әр жылдарда жазған әдеби-публицистикалық шығармалары, Қызылорда облыстық «Сыр бойы» (кезінде «Ленин жолы») газетін ұзақ жыл басқарған Қалқабай Әбенов туралы «Редактор Қалқабай Әбенов», «Қазақ журналистикасы», «Сырдың сырлы шежіресі» кітаптары және мерзімді басылымдар беттерінде жарияланған мақалалар, 1941-1946 жылдардағы газеттердің сандық форматқа көшірілген (СД) дискілері қойылды.


28 маусым 2022 ж. 16:28
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз: