1 шілде күні «Танымал тұлғалар» айдары бойынша композитор, КСРО халық әртісі Еркеғали Рахмадиевтің туғанына 90 жыл, театр және кино режиссері, Қазақстанның халық әртісі Әзірбайжан Мәмбетовтің туғанына 90 жыл және биші-педагог, Қазақстанның халық әртісі Шара Жиенқұлованың туғанына 110 жыл толуына арналған кітап көрмесі дайындалды.
Қазақ музыкасының ұлттық ерекшелігі болып табылатын симфониялық күй жанрына негіз салушылардың бірі Еркеғали Рахмадиев қазақтың ұлттық өнерін бүкіл әлемге таныта білген тұлға. Қазақ ССР-і және КСРО Халық әртісі, «Халық Қаһарманы», Әзірбайжан Мәмбетов – ұлттық тарихта игі аты қалған, ерен еңбегі елге сіңген харизмасы күшті нартұлға. Қазақ би өнерінің ханшайымы, Мәскеуде өткізілген Қазақ әдебиеті және өнерінің онкүндік мәдени шарасына қатысып, өзге халықты ұлттық би өнерімен таң қалдырған Шара Жиенқұлова қазақ би өнерінің дамуына сүбелі үлес қосқан.
Кітап көрмесіне ұлттық өнер майталмандарының өмірі мен шығармашылығына арналған қордағы басылымдар қойылды.