2018 жылдан бастап шілденің бірінші жексенбісі Ұлттық домбыра күні болып аталып келеді. Домбыра бейнесі қазақ поэзиясында ежелгі жыр-дастандардан бүгінгі жас толқынға дейін жырланып келе жатқан мәңгілік тақырып. Қасиетті қара домбыра көнеден қалған асыл мұрамыз, көзіміздің қарашығы әрі ұлттық кодымыздың айнымас бөлігі.
Осыған орай 1 шілде күні «Домбыра-дастан» атты мерекелік шара болып өтті. Шараға домбыра үйірмесінің оқушылары қатысып, қазақ композиторларының шығармаларын орындады. Атап айтқанда, «Келіншек», «Нәрағашы», «Кеңес» халық күйлерін, Құрманғазының «Балбырауын», «Алатау», С.Тұрысбековтің «Көңіл толқыны» күйлерін үйірме оқушылары нақышына келтіре орындап шықты.
Мерекелік шара аясында ұлттық аспаптың шығу тарихы мен түрлері, сонымен қатар танымал домбырашылар жайында «Домбыра жүрегіммен үндес едің» атты кітап көрмесі дайындалды.