4 шілде күні облыстық кітапхана «Терроризм – адамзаттың қасіреті» атты онлайн ақпараттық сағат ұйымдастырды.
Мақсаты: терроиризм туралы түсінік қалыптастыру, терроризмнің құқықтық, діни сипаттарын ұғындыра отырып, террорлық, лаңкестік және діни экстремистік бағытта арандатуға жол бермеу.
Шараға дінтанушы, ғалым Оспанов Бақтияр Есенгелдіұлы қатысып, оқырмандарға экстремизм мен терроризмнің таралу себептері, оған қарсы әрекет түрлері жөнінде ақпарат берді.