«Елорда-тәуелсіздіктің бірегей жетістігі» атты кітап көрмесі

   5 шілде күні облыстық кітапханада оқырмандарға еліміздің бас қаласы туралы мәлімет беру, Отанға, туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыру, патриоттық рухын арттыру мақсатында «Елорда-тәуелсіздіктің бірегей жетістігі» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

    Кітап көрмесіне бас шаһардың тарихы, өткені, осы күні мен болашағы жайлы, елорданың экономикалық, мәдени және әлеуметтік дамуы туралы әдебиеттер ұсынылды. Атап айтар болсақ Марат Абсеметовтың «Мыңжылдық тарихы бар қала» атты екі тілді кітабы, Астана энциклопедиясы, Жасампаз энергия көзі болып тұратын астананың құрылысы туралы баяндайтын фотоальбом Астана кітабы, Республикамыздың инновациялық дамуына серпін берген Экспо 2017 кормесі туралы да баяндайтын «Дүниежүзілік көрмелер тарихы», «Энергия Будущего» , кітаптары қойылды.


05 шілде 2022 ж. 17:30
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз: