25 шілде күні облыстық кітапханада «Отбасы хрестоматиясы» қоғамдық қоры жарыққа шығарған «Қисса сүл-әнбия» кітабының тұсаукесері өтті. Шараға кітап авторлары Санжар Керімбай, Мұхит Төлеген, Әділбек Нәби және Сәкен Нұрхабекұлы, зиялы қауым өкілдері, кітапхана оқырмандары, БАҚ өкілдері қатысты.
Іс-шараны Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының басшысы Н.Мыңжас құттықтау сөзбен ашып, авторлар кітап туралы мағлұмат беріп, оқырмандар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді. Тұсаукесер соңында «Отбасы хрестоматиясы» қоғамдық қоры кітаптарының жәрмеңкесі өтті.