27 тамыз күні облыстық кітапхана оқырмандардың құқықтық сауаттылығын арттыру, Ата заңымызды құрметтеуге, ұлтжандылыққа тәрбиелеу мақсатында «Конституция - кемелдік кепілі» атты кітап көрмесін ұйымдастырды.
Кітап көрмесіне «Қазақтың ата заңдары», қазақ даласының дәстүрлі әдет-ғұрып заңдарының жинағы Әз Тәукенің «Жеті жарғы» заңдар жинағы, Қазақстан Конституциясының негізгі бағыттары жүйелі түрде көрсетілген мемлекетіміздің үш билігі - Президент, Парламент, Үкімет және Конституциялық кеңес жайлы, адам және адамзат құқықтары, ішкі саясаттың негізгі бағыттары, Қазақстанның ішкі саяси тұрақтылығы, ұлтаралық татулық жайлы кітаптар, монографиялар, шығармалар жинақтары, фотоальбомдар, мерзімді басылымдар бетінде жарияланған мақалалар қойылды.