16 қыркүйек күні Ә.Тәжібаев атындағы облыстық кітапханасы «Әдеби өлкетану» жобасы аясында «Қызылорда астана болғанда» атты кітап көрмесін ұйымдастырды.
Көрменің мақсаты оқырмандарды туған елдің тарихымен таныстыру, тарих және өлкетану бойынша білімін дамыту.
Көрмеге тәуелсіздік алғаннан кейінгі жылдары қала тарихын зерттеуге арналған тарихшы-ғалымдардың зерттеу материалдары, Қызылорда қаласы тұңғыш астана болғаннан бастап сан ғасырлық тарихы туралы баяндайтын «Сыр өңірінің тарихы», «Қызылорда астана болғанда», «Дария жағасындағы қала», «Алаштың Ақмешіті», Б.Кәрібозұлының Қызылорданың бүгінгі тыныс-тіршілігі мен баянды болашағы жайлы «Қызылорда», тарихи ескерткіштер мен кесенелер жайлы ғылыми-зерттеу мақалалары топтастырылған Б.Ахметбектің «Сыр ескерткіштері» атты кітаптары қойылды.