«Сырбайдың сырлы әлемі» атты поэзия кеші

     16 қыркүйек күні облыстық кітапханада ақын, қазақтың ұлттық әдебиетінің классигі Сырбай Мәуленовтің 100 жыл толуына орай  «Сырбайдың сырлы әлемі» атты поэзия кеші ұйымдастырылды.

    Шараның мақсаты:  оқырмандарды  қазақ поэзиясына нағыз сыршыл сезімді, көркем бейнелі өлең үлгісін әкелген дүр тұлғалы Сырбай ақынның шығармашылығымен, ақын өлеңдерінің рухани құндылықтарымен таныстыру.

   Поэзия кешіне Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің қазақ тілі мен әдебиеті және журналистика кафедрасының доценті Ш.Бекмағанбетов, №257 мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері Г.Күнтуарова мен С.Таширова, М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық  жоғары колледжі және М.Ықсанов атындағы политехникалық колледж студенттері қатысты.

    Кеште оқырмандардың назарына С.Мәуленов туралы бейнеролик көрсетілді. Жастар ақынның жырларын оқыды.

    Шара барысында «Сырдың сыншыл ақыны» атты кітап көрмесі оқырмандар назарына ұсынылды.

16 қыркүйек 2022 ж. 16:50
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз: