7 қазан күні облыстық кітапханада «Асан қайғы-дала данышпаны» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Көрмеге кемеңгер ойшылдың тарихи-философиялық пайымдаулары, Желмаясымен жер шолып, арман еткен Жерұйығы туралы асқақ толғауы зерттелген К.Толысбайдың «Асан Қайғының дүниетанымы», Асан қайғы философиясының басты бағыттары: адам өмірінің мəні, мақсаты, өлімнің растығы, қоршаған дүниені тану мəселелері баяндалған әдебиеттер, «Мәдени мұра» ұлттық жобасы аясында жарық көрген «Бабалар сөзі» және үлгі-өсиеттік, насихаттық, тағылымдық ойлары туралы мерзімді басылым беттеріне жарияланған мақалалар мен авторефераттар қойылды.
Көрменің мақсаты: дала философы, абыздың өмірі мен шығармашылығымен таныстыру, халқының өсіп-өркендеуіне ұйтқы болып, қазақ қоғамына жасаған өнегелі ісі мен кемеңгерлігін жас ұрпаққа үлгі ету.