«Қарымды қаламгер» атты портрет кеші

     Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында 27 қазан күні облыстық «Сыр бойы» газеті басылымының байырғы редакторы, журналист, белгілі қаламгер Қалқабай Әбеновтің туғанына 100 жыл толуына орай «Қарымды қаламгер» тақырыбында портрет кеші ұйымдастырылды.

     Кешке облыстық «Сыр бойы» газетінің ардагер журналисі Ақсақалов Жолдасбек, ҚР Журналистер Одағының мүшесі, ақын, облыстық «Сыр бойы» газетінің тілшісі Әбілда Ғазиза, С.Ысқақов атындағы құрылыс және бизнес колледжінің 2-курс студенті Тоқжанова Нұрай қатысты.

      Шара барысында облыстық аға басылым «Ленин жолының» он бірінші редакторы болған кезеңдерде оқырмандар саны артып, басылым таралымының 40000-ға өскендігі, 18 жыл бойы бір орында басшылық ете отырып балауса қаламгерлердің бағын ашқан, штаттан тыс тілшілер тартқаны, журналистика ісіне баулығаны, мінезінің жайлылығы туралы естеліктер айтылды.

27 қазан 2022 ж. 17:09
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз: