«Кітап дәуір айнасы» атты қазақ әдебиетінің тарихында бүгінге дейін ең көп роман жазған аса көрнекті жазушы Ілияс Есенберлиннің 6-томдық шығармалар жинағының таныстырылымы

   18 қараша күні облыстық кітапханада «Кітап дәуір айнасы»  атты   қазақ әдебиетінің тарихында бүгінге дейін ең көп роман  жазған аса көрнекті  жазушы Ілияс Есенберлиннің 6-томдық шығармалар жинағымен  таныстырылым болып өтті. Іс-шараның мақсаты: жастарға жазушының туындылары арқылы отаншылдық рухты арттыру, ел мен жердің қадір-қасиетін бағалай білуге баулу, шығармаларымен таныстыру.

  Шара қонақтары аталған еңбектің рухани маңыздылығына тоқталып, өз ойларын ортаға салды. Қорқыт ата атындағы Қызылорда  университеттің тарих пәнінің  оқытушысы А.Абдразакова  жазушы І.Есенберлиннің өмірі мен шығармашылығына тоқталып,  жастарға  мол мағлұмат беріп өтті. Шара соңында Ілияс Есенберлиннің шығармаларынан жинақталған кітап көрмесі оқырман назарына ұсынылды.

18 қараша 2022 ж. 19:03
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз: