1 қараша күні облыстық кітапханада туған өлкенің жер-су атауларының аталу тарихымен терең таныстыру, ұлттығымызды ұлықтайтын тарихи атауларымыздың тарихи шежіре екендігін оқырманға жеткізу мақсатында «Сыр өңіріндегі жер - су аттарының шығу тарихы» атты ақпараттық сағат ұйымдастырылды.
Шараға көпсалалы «Қызылорда-Ұлағат» колледжі студенттері және кітапхана оқырмандары қатысты. Шара барысында қазақ даласының жер-су атауларының негізінен әр замандарда орын алған елеулі тарихи оқиғаларға немесе жеке тұлғаларға байланысты шыққаны және өлкеміздегі әр жердің, судың, елді мекендер мен мәдени орындардың аттарының қатпарлы сыры туралы баяндалды. Сондай-ақ Сырдария өзені, Қызылқұм, Қамбаш көлі және аты әлемге мәлім Арал теңізі және т.б. аатуларының шығу тарихы қысқаша түсінік берілді.