«Дарынды ұрпақ – кемел келешек кепілі» атты аймақтық онлайн тәжірибелік конференция

   28 қазан күні ZOOM платформасында бейнебайланыс арқылы Ә.Тәжібаев атындағы Қызылорда облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы мен Х.Есенжанов атындағы Батыс Қазақстан облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының ұйымдастыруымен «Дарынды ұрпақ – кемел келешек кепілі» атты аймақтық онлайн тәжірибелік конференция өтті.

    Аталған конференцияда Ә.Тәжібаев атындағы Қызылорда облыстық кітапхана басшысы Н.К.Мыңжас, Х.Есенжанов атындағы Батыс Қазақстан облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапхана басшысының орынбасары Қ.Қ.Боранбаева, инновациялық-әдістемелік бөлім басшысы М.Ж. Есбулатова, жасөспірімдерге қызмет көрсету бөлімінің басшысы Б.А.Джумагазиева, «Хамза қырандар» зияткерлік клубының жетекшісі Н.М.Едігенов, Қызылорда облысының жергілікті ақыны, журналист Қ.Ахетов, балалар ақыны, ұстаз Е.Әбді, М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғарғы колледжінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі  Ж.У.Тютебаева, балалар жазушысы, ертегіші А.Берік, Халықаралық балалар ойындары мен билері фестивалінің  І орын иегері, тележүргізуші Е.Сармырзаев  қатысты.

   Конференция қатысушылары аймақаралық кәсіби-шығармашылық байланыстарды күшейту, балалар әдебиеті тақырыбына қалам тартып жүрген ақын-жазушылардың   шығармашылығын насихаттау, жас жеткіншектің бойындағы табиғат берген ерекше қабілетті, дарындылықты тани білу, оның одан әрі дамуына бағыт-бағдар беру бойынша инновациялық іс-тәжірибелермен бөлісті. Балалар әдебиеті бөлімінің ұйымдастыруымен өткен шаралардан слайд көпшілік назарына ұсынылды.

28 қазан 2022 ж. 18:22
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз: