«Қаламы семсер қаламгер» атты әдеби шолу

    10 қараша күні Ә.Тәжібаев атындағы облыстық кітапханасы КСРО Журналистер Одағы сыйлығының лауреаты, жазушы Сыдық Алдабергеновтың туғанына 100 жыл толуына  орай «Қаламы семсер қаламгер» атты әдеби шолу ұйымдастырды.

    Шараның мақсаты: оқырмандарды Сыдық Алдабергеновтың өмірі мен шығармашылығымен таныстыру, қазақ баспасөзі саласында өшпес қолтаңбасы қалған еңбектерін насихаттау.

   Шараға Қазақстанның құрметті журналисі, Жазушылар Одағының мүшесі, облыстық «Сыр бойы» газетінің ардагер журналисі Қайырбек Мырзахметұлы, «Өркениет» медициналық колледжінің студенттері қатысты. Шара барысында Сыдық Алдабергенов туралы әріптесі ардагер журналист Қайырбек Мырзахметұлы өзінің жүрек-жарды естеліктерімен бөлісіп, өмірі мен шығармалары туралы айтып өтті. Оқырмандар  назарына «Қаламы семсер қаламгер» атты кітап көрмесі ұсынылды.

10 қараша 2022 ж. 18:40
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз: