«Сырдың сырбаз ақыны» атты кітап көрмесі

    25 қараша күні А.Тоқмағанбетов атындағы қалалық мәдениет үйінде Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, ақын, журналист Әскербек Рахымбекұлын еске алуға арналған шарада Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы «Сырдың сырбаз ақыны» атты кітап көрмесін ұйымдастырды.

  Көрмеге ақынның өмір жолы мен шығармашылығы жайлы «Қайталанбас дауыстар», «Сыр саңлақтарының антологиясы», қазақ поэзиясының он томдық антологиясына оның таңдаулы бір топ өлеңдері енген «Жыр маржаны», 200 томдық «Сырдария кітапханасы» сериясымен жарық көрген «Тағдырдастан», «Ғұмыр дария», «Тұсаукесер», «Сырдария әуендері», «Тұлпар туралы дастан», «Ғашық жүрек», «Айдынынан айырылған Аралым-ай», «Алтын арай», «Тұлпарлар тағдыры», «Жыраулар», «Тағдырдастан», «Ғұмырдария», «Ақ махаббат», «Жүрек жылуы», «Махаббат дастаны» т.б. шығармалары және мерзімді  басылым беттеріне жарық көрген мақалалар  қойылды.

25 қараша 2022 ж. 12:05
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз: