«Алаш азаматы» атты әдеби кеш

    30 қараша күні облыстық кітапханада Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, Халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты, жазушы Молдахмет Қаназдың туғанына 80 жыл толуына орай, өскелең ұрпаққа өмір жолы мен шығармашылығын насихаттау мақсатында «Алаш азаматы» атты әдеби кеш ұйымдастырылды.

   Шараға Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің профессор-оқытушылары: экономика ғылымдарының кандидаты Қ.Құдайбергенов, философия ғылымдарының докторы  Б.Қожамберлиев, филология ғылымдарының кандидаты А.Абилов, филология ғылымдарының кандидаты Ш.Бекмағанбетов, Журналистер одағының, Халықаралық Жазушылар одағының мүшесі, «Парасат» орденнің иегері, эколог-қаламгер  С.Жұбатыров және М.Ықсанов атындағы колледжінің студенттері қатысты.

     Кеш қонақтары Молдахмет Қаназдың  ағартушылық қызметі жайлы және көп жылдар бойы «Жалын» баспасының редакторы, редакция меңгерушісі, 1992 жылдан «Денсаулық» журналының бас редакторы қызметін атқарғанын, кейбір шығармаларының грузин, орыс, өзбек тілдеріне аударылғанын және Болгар жазушысы Е.Пелиннің, орыс жазушысы В.Карповтың, И.Мелеевтің шығармаларын қазақ тіліне аударғанын атап көрсетті.

30 қараша 2022 ж. 10:10
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз: