«Тәуелсіздік бастауы –желтоқсан» атты кітап көрмесі

   1 желтоқсан күні Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында  16 желтоқсан - Тәуелсіздік күніне орай «Тәуелсіздік бастауы –желтоқсан» тақырыбында  кітап көрмесі  ұйымдастырылды.

   Кітап көрмесінің мақсаты – ата-бабамыздың тәуелсіздік жолындағы ерлігін үлгі ету, өскелең ұрпақтың бойында патриоттық, Отанға деген сүйіспеншілік сезімін ояту.

   Көрме «Тәуелсіздік –еліміздің ерлік жолы», «Азаттық аңсағандар ақиқаты», «Жарқын болашақ - Егемен Қазақстан» бөлімдерінен тұрады. Көрмеге 1986 жылғы желтоқсан көтерілісінің шығу себеп-салдары мен оқиғаның өрбу барысы, оған қатысушылар туралы құжаттар, желтоқсан көтерілісінің бізге беймәлім қырларын баяндайтын кітаптар, сондай-ақ  еліміздің тәуелсіздік алған кезінен бастап бүгінге дейінгі жүріп өткен жолы туралы баспадан шыққан басылымдар қамтылды. Көрмеге жалпы саны 100 кітап, мақалалар мен фотосуреттер қойылды.

01 желтоксан 2022 ж. 10:18
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз: