Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, қоғам қайраткері Бибігүл Иманғазинаның «Тауқымет» кітабына талдау

     2 желтоқсан күні облыстық кітапханада жазушы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, қоғам қайраткері Бибігүл Иманғазинаның «Тауқымет» кітабына талдау өткізілді.

  Шараның мақсаты жастарға кейіпкер бейнесі арқылы өмірді таныту, өмірлік көзқарастарын қалыптастыру, қаһармандық, адамгершілік қасиеттерін бойларына сіңіре отырып тәрбиелеу.

     Кеш барысында оқырмандар он жеті жасында бір қаныпезердің кесірінен мүгедектікке душар болып қалған, сұлу да өнерлі, елді өзіне қаратқан, парасатты жазушы әйелдің ауыр тағдыры арқау етілген «Тауқымет» романын  талқылап, өз ойларын ортаға салды.

02 желтоксан 2022 ж. 11:27
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз: