«Жылдар, жырлар» атты кездесу кеші

   Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында 7 желтоқсан күні Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, Қазақстанның Құрметті журналисі, дүлдүлдердің дүбірлі ізі қалған Сыр бойының сыршыл ақыны Махмұтбай Әміреұлының 80 жасқа толуына орай «Жылдар, жырлар» тақырыбында кездесу кеші өтті.

   Қазақстан Жазушылар және Журналистер одақтарының мүшесі, ақын, облыстық «Сыр бойы» газетінің аға тілшісі Ғ.Әбілда Махмұтбай ақынның сөз саптауында, шумақ, тармақ, бунақтарында, ұйқасында өзгеге ұқсамайтын ерекшелеп тұратын тұстарына айтып, «Ақын» өлеңін оқыды. Кітапхана басшысы Н.Мыңжас ақынға тән мінез бен ерекшелігіне тоқталып, шығармашылығын көпшілік қауымға таныстырды. Шара барысында ақынның «Қызылорда вальсі» әні тыңдарман қауымға ұсынылды.

    Кеште Т.Есетов атындағы №264 мектеп-лицейінің, Т.Рысқұлов атындағы №222 орта мектебінің, Ж.Нұрсейітов атындағы №233 орта мектебінің оқушылары және Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің студенттері М.Әміреұлының шығармашылығынан өлеңдер оқып, «Жыр жайсаңы» атты кітап көрмесі таныстырылды.

07 желтоксан 2022 ж. 17:10
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз: