«Өнердегі өнегелі өмірлер» атты кездесу кеші

     8 желтоқсан   күні Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында «Музыкалық қонақжай» жобасы аясында «Өнердегі өнегелі өмірлер» атты кездесу кеші өткізілді. Кеш барысында жастар  С.Майқанова атындағы  қалалық мәдениет үйі жанынан құрылған «Бастаңғы» әжелер ансамбілінің  мүшелерімен кездесті. Шараның мақсаты - түрлі салада еңбек етіп, зейнет жасында өнер жолына араласып жүрген еңбек ардагерлерінің өмір жолын жастарға таныстыру және үлгі ету, үлкендерге құрметпен қарауға үйрету.

  Кеш барысында  өнердің көшін өрлетіп, өмірлерін әнмен өрнектеп жүрген әжелер 30 жылдық өнердегі тәжірибелерімен бөлісіп, өз репертуарларынан бірнеше әндер орындады. 

    Шараға  Қызылорда көпсалалы Ұлағат колледжі мен Өркениет медициналық колледждерінің  студенттері қатысып, сұрақтар қойып, еркін сұхбат құрып отырды.

         

08 желтоксан 2022 ж. 17:39
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз: