Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында 20 қантар күні қоғамдық-саяси және әдеби «Қазақ» газетінің жарыққа шыққанына 110 жыл толуына орай ақпараттық сағат ұйымдастырылды.
Шара барысында 110 жылдың ішінде өсу-өркендеу кезеңдерінен өтіп, алған асулары мен жеткен жетістіктері, ел руханиятындағы, халық тағдырындағы өзекті мәселелерге үн қосатын мазмұны байыған, ойы кемелденген басылым оқырман назарына кеңінен таныстырылды.