«Мерейтой иелері» атты кітап көрмесі

         23 қаңтар күні облыстық кітапханада «Мерейтой иелері» тақырыбында тұрақты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрменің мақсаты ақын-жазушыларымыздың шығармашылығын насихаттау, кітап оқуға тарту.

       Көрме 4 бөлімнен тұрады. 1-ші бөлім «Алаштың ардақты ақыны» Сұлтанмахмұт Торайғыровтың - 130 жылдығына, 2-ші бөлімі   «Қазақ әдебиетінің жарық жұлдызы» Мағжан Жұмабаевтың - 130 жылдығына, 3-ші бөлім «Балалар әдебиетінің бәйтерегі» Мұзафар Әлімбаевтың - 100 жылдығына, 4-ші бөлім «Әдебиет ақтаңгері» Тахауи Ахтановтың - 100 жылдығына арналды.

            Көрмеге ақын-жазушылардың өмірбаяны, шығармалары, мақалалары мен аудармалары қойылды.

23 қаңтар 2023 ж. 19:19
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз: