«Теңіз тебіренткен талант» атты кездесу кеші

     Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында 26 қаңтар күні  көрнекті   эколог-жазушы, Қазақстан жазушылар Одағының мүшесі, «Парасат» орденінің иегері, «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты С.Жұбатырұлының 75 жылдық мерейтойына арналған  «Теңіз тебіренткен талант»  атты кездесу кеші ұйымдастырылды.

      Аталмыш шараға Мәдениет және спорт басқармасының басшысы Қазбекова Мира Жомартқызы, Н.Бекежанов атындағы қазақ академиялық музыкалық драма театрының көркемдік жетекшісі, Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері Хұсейн Әмір-Темір Жүсіпұлы, ақын, Қазақстан Жазушылар одағының Қызылорда облыстық филиалының төрағасы Есімсейітова Қаршыға Құрмашқызы, Экономика ғылымдарының кандидаты, профессор Құдайбергенов Қазбай және ақын-жазушылар, БАҚ өкілдері қатысты.

       Шара барысында мәдениет және спорт басқармасының басшысы Қазбекова Мира Жомартқызы құттықтау сөз сөйлеп, жазушыға облыс әкімінің Құрмет грамотасы табысталып, сый-сияпат көрсетілді. Шара қонақтары Сайлаубай Жұбатырұлының шығармаларын азаматтық, отаншылдық, психологиялық, философиялық терең толғанысымен берілгені туралы өз пікірлерімен бөлісіп, қаламгердің баға жетпес мол мұраларын оқуға шақырды.

       Шара соңында «Теңіз тебіреткен талант» атты кітап көрмесіне шолу жасалды.

 

26 қаңтар 2023 ж. 11:03
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз: