31 қаңтар күні кыз баланың нәзіктігін, сүйкімділігін, ақылдылық құндылығын насихаттау мақсатында «Қыз өссе елдің көркі» атты тренинг ұйымдастырылды.
Шараға Абылайхан атындағы №140 қазақ орта мектебінің, Ы.Алтынсарин атындағы №10 мектеп-лицейінің, №278 ІТ-мектеп-лицейінің оқушылары қатысты.
Шарада С.Сейфуллин атындағы №4 орта мектебінің психологы Э.Асанова қатысушыларға қазақ қызының бойындағы ұлттық дәстүрімізге сай әдептілік, сұлулық қасиеттерін айқындай отырып «Сөйлемді жалғастыр», «Менің мақсатым» атты жаттығу тренинг өткізді.
Шара соңыңда оқушылар «Қыз тәрбиесі - ұлт тәрбиесі» атты кітап көрмесімен танысты.