«Сырлы сөздің жыршысы» атты поэзия сағаты

   2 ақпан күні облыстық кітапханада көрнекті ақын, қоғам қайраткері, халық жазушысы  Ә.Тәжібаевтың шығармаларын насихаттау мақсатында «Сырлы сөздің жыршысы» атты  поэзия сағаты ұйымдастырылды.

    Мәдени шараға Ж.Нұрсейітов атындағы №233 қазақ орта мектебінің, Ә. Мүсілімұлы атындағы №101 мектеп-лицейінің оқушылары қатысты. Жыр сүйер қауым қаламының құдіретімен елдің елеулісіне айналған абыз ақынның өмірі мен шығармашылығына тоқталып, туған жеріне, табиғатына деген ыстық сезімін бейнелейтін лирикалық жырларымен қатар ақынға   арнау өлеңдерін мәнерлеп  жатқа  оқыды. Сонымен қатар «Күзетші» драмалық шығармасы бойынша көрініс қойылды.

     Шара соңында  «Сырда туған сұңқар ақын»  атты кітап көрмесімен танысты.

02 ақпан 2023 ж. 11:51
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз: